Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Нұр-Сұлтанда театр апталығының бірінші күнінде көрермендерге 6 қойылым ұсынылады

Нұр-Сұлтанда театр апталығының бірінші күнінде көрермендерге 6 қойылым ұсынылады

28 қазанда Нұр-Сұлтанда театр апталығы басталады. Іс-шара Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналып, 1 қарашаға дейін жалғасады. Күн сайын көрермендерді қызықты бағдарлама күтеді, онда кез келген талғамға сай спектакль таңдауға болады. 29 қазанда театр апталығының бірінші күнінде көрермендерге 6 қойылым ұсынылады, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты. Атап айтқанда, "НАЗ" Мемлекеттік би театры Абай Құнанбаевтың аяқталмаған «Әзім әңгімесі» атты хореографиялық спектаклін көрсетеді. Ал «Astana musical» театры көрермендерді "Qazaqstan" орталық концерт залында ағылшын драматургі Рэй Кунидің "№13" комедиясын көруге шақырады. Қалибек Қуанышбаев атындағы қазақ музыкалық драма театрының сахнасында Т.Әсемқұловтың «Құнанбай» драмасы көрсетіледі. Ал ұлы Абайдың жастық шағындағы оқиғаларға негізделген Мұхтар Әуезовтің "Абай-Тоғжан" драмасын Жас көрерменнің музыкалық театры ұсынады. Сондай-ақ 29 қазанда кешке "Жастар" театры әртістерінің орындауында У. Шекспирдің "Асауға тұсау" комедиясын көруге болады.