Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Абай атындағы опера және балет театрында «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді

Абай атындағы опера және балет театрында «Салтанат» би ансамблінің концерті өтеді

15 қарашада Абай атындағы қазақ ұлттық академиялық опера және балет театрының сахнасында, «Салтанат» би ансамблінің, ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығы арналған концерті өтеді. Шара Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ұйымдастырылады. Сахнада балет артистері өнер көрсетпек. Олардың арасында: Азамат Асқаров, Арқат Әшірбек, Жәнел Тукеева және Грозный қаласындағы Махмұд Эсамбаев атындағы Халықаралық би конкурсының Гран-При жүлдегері - Ернұр Қарықбол бар. Концерттік бағдарламаға қазақ халық билері, әлем халықтарының билері және жаңа қойылымдар енді.