Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Астана Операда «ХХ ғасырдың ішекті музыкасы: Иосиф Бенедиктович Коган» атты концерт өтеді

Астана Операда «ХХ ғасырдың ішекті музыкасы: Иосиф Бенедиктович Коган» атты концерт өтеді

11 желтоқсанда Астана Операның Күләш Байсейітова атындағы Камералық залында скрипкашы, музыкант әрі ұстаз, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, республикамыздың мәдениетінің дамуына зор үлес қосқан Иосиф Бенедиктович Коганның 100 жылдық мерейтойына арналған кеш өтеді. «ХХ ғасырдың ішекті музыкасы: Иосиф Бенедиктович Коган» концертіне ұлы ұстаздың ісін жалғастырушы қазақстандық музыканттар, жас скрипкашылар: Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Асқар Дүйсенбаев, халықаралық байқаулардың лауреаттары Әнел Шәкірова, Мәдина Бекмәдиева, Мәдина Капеу, Алексей Лебедев, Айдар Тоқталиев қатысады. Сонымен қатар К.Байсейітова атындағы Камералық зал сахнасына халықаралық байқаулардың лауреаттары, Қазақ ұлттық өнер университетінің студенттері мен магистранттары: П.Чайковский атындағы Х халықаралық жасөспірімдер байқауының лауреаты Ақбике Алғи, «Шабыт» ХХ халықаралық фестивалінің Гран-при және ҚР Президенті кубогының иегері Жібек Мұсырғалиева, Сәния Исабекова, Индира Нұрлыбай, Әділет Тұраров, Гүлназ Мұхамедуәлиева, Гаухар Өмірбекова, Гүлдана Оразаева, Айбол Серік, Рахиль Мұсақожа, «КАПРИЧЧИ» скрипкашылар ансамблі, жетекшісі М.Бекмәдиева шығады. Концертмейстерлер – Сергей Васильев, Мәдина Такеева, Малика Аймақова, модератор – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор Раиса Мұсақожаева. Концерт бағдарламасында – И.Коган, С.Прокофьев, Д.Шостакович, А.Шнитке, Е.Брусиловскийдің шығармалары, И.Коганның өңдеуіндегі Құрманғазының күйі және т.б.