Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады

«Айман-Шолпан» музыкалық комедиясы қойылады

Сурет: Baq.kz

Алматыдағы «Алатау» дәстүрлі  өнер театры премьера дайындауда. 8-ші маусымда Мұхтар Әуезовтың 125 жылдық мерейтойына орай «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясының тұсау-кесері өтеді. Режиссері Жұлдызбек Жұманбай. Мұхтар Әуезовтің 1956 жылы жазылған «Айман-Шолпан» атты музыкалық комедиясының екінші нұсқасына негізделген қойылымда ұлттық ойындар мен хореография спектакльдің көркемдік тұтастығын сақтайды. Сонымен қатар қойылымда көпшілік сахналары мен халық әндері  дәстүрлі өнеріміздің айқын көріністерінен сыр шертеді.