Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Ұлттық банк «Roza Baǵlanova. 100 jyl» коллекциялық монеталарын шығарды

Ұлттық банк «Roza Baǵlanova. 100 jyl» коллекциялық монеталарын шығарды

Қазақстан Ұлттық Банкі «Есте қалатын оқиғалар мен біртуар адамдар» атты монеталар сериясынан «ROZA BAǴLANOVA. 100 JYL» коллекциялық монеталарын сатылымға шығарды. Монета реверсінде Роза Бағланованың суреті, портреттің сол жағында мерейтойлық датаны білдіретін «100 JYL» деген жазу бар, монета жиегінде «Ах, Самара-городок» әнінің ноталары, «ROZA BAǴLANOVA» деген жазулар айналдыра басылған. Айта кетейік,  осы жылы КСРО халық артисі, Қазақстанның Халық қаһарманы, қазақтың опера және эстрада әншісі Роза Бағланованың туғанына 100 жыл толған болатын.