Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізіледі

Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізіледі

Биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруі өткізілмек. Еліміздің премьер-министрі Әлихан Смайылов мәжіліс депутаттарының сауалына жауабында осылай мәлім етті. Үкімет басшысының айтуынша,  депутаттардың Алаш Республикасының 105 жылдығына орай биыл мемлекеттік деңгейде «Алашқа тағзым» шеруін өткізу бойынша ұсыныстары маңызды іс-шара. Осыған байланысты тиісті министрліктерге мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, атаулы күнді мерекелеу форматын талдау, пысықтау тапсырылған. Сонымен қатар, Қазақстандағы саяси қуғын-сүргіннің ерекшеліктері туралы деректі фильмдер топтамасын шығару және көрсету ұйымдастырылды», - деді Әлихан Смайылов.