Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Түркістандық әртістер Нұр-Сұлтанда премьера ұсынады

Түркістандық әртістер Нұр-Сұлтанда премьера ұсынады

Түркістан музыкалық драма театрының әртістері 27-28 тамызда «Астана Опера» театрының Үлкен залы сахнасында өнер көрсетеді. Шығармашылық ұжым елорда тұрғындары мен қонақтарының назарына Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері,жазушы-драматург Ермек Аманшаевтың либреттосына «Қорқыт туралы аңыз» пластикалық спектаклін ұсынады. Спектакль көшпелі халықтардың тарихында терең із қалдырып, құнды әдеби-музыкалық мұражасаған аңызға айналған Қорқыт атаның өмірі жайлы баяндайды. Қоюшы хореограф– белгілі ресейлік балетмейстер, өнертанушы Константин Семенов. Композитор –Хамит Шаңғалиев.