Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

«Жібек жолы» балетінің теленұсқасының премьерасы ұсынылады

«Жібек жолы» балетінің теленұсқасының премьерасы ұсынылады

Биыл маусым айында көпшілікке ұсынылған «Жібек жолы» балетінің теленұсқасы тамыз айында қазақстандық телеарналардан көрсетіледі. Шілде айында «Астана Балет» театрының сахнасында екі актілі «Жібек жолы» балетінің экрандық нұсқасының түсірілімі жасалды. Қоюшы-балетмейстер – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, театрдың бас балетмейстері Мукарам Авахри, режиссері – Тахир Әлиев.  Мукарам Авахридің айтуынша, бұл қойылымның теленұсқасын жасаудағы алғашқы тәжірибе емес. Бұған дейін «Бейбарыс сұлтан» балетінің теленұсқасы түсірілген. Репертуарыды экранға көшіруіміздің бірден-бір себебі: әлде бір себептермен спектакльдерді тамашалай алмаған көрермен қауымға театрдың өнерін паш ету», - деп атап өтті бас балетмейстер.