Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Елімізде Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

Елімізде Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады

2023 жылдан бастап қазақстандық жас жазушылар мен ақындар үшін арнайы Президенттік әдеби сыйлық тағайындалады. Бұл туралы Павлодар облысында халықпен кездесу барысында Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев мәлімдеді. Ведомство басшысының айтуынша, енді 18 жастан 29 жасқа дейінгі авторлар жоғары марапатқа ие бола алады. Сондай-ақ министр жас әдебиетшілерді қолдау бойынша жүзеге асырылып жатқан басқа да жобалар туралы айтып берді. Атап айтсақ, министрлік  «Жаңа қазақ әдебиеті« атты жаңа жобаны қолға алған. Оның аясында дарынды жас авторлардың кітаптары 3 мың дана таралыммен басып шығарылады. Бұл жұмыс жас ұрпақтың жаңаша ойлау жүйесін дамытуға көмектеседі, олардың шығармашылық көңіл-күйі мен инновациялық идеяларын қолдайды дейді министр. Бұдан бөлек,  қазір «Айбоз« тұңғыш ұлттық әдеби сыйлығына өтінімдер қабылдау жүріп жатыр. Осылайша біз әдебиетімізге жаңа туындылардың қосылуына ықпал етіп, қаламагерлер мен баспагерлерді қолдаудың жаңа тетіктерін қалыптастырамыз», - деді Дәурен Абаев.