Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда композитор Рахат-Би Абдысағиннің концерті өтеді

Алматыда композитор Рахат-Би Абдысағиннің концерті өтеді

28 тамызда Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында танымал жас композитор Рахат-Би Абдысағиннің «Призраки Бессмертия» атты авторлық концерті өтеді. Әуезді кеш қонақтары үшін Бақытжан Байқадамов атындағы Мемлекеттік хор капелласы және ҚР Мемлекеттік академиялық симфониялық оркестрі өнер көрсетеді. Сонымен қатар, концертке танымал британдық дирижер Клемент Пауэр шақырылған. Еске салсақ, дарынды композитор және пианист Рахат-Би Абдысағин «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ТМД Парламентаралық Ассамблеясы «Мәдениет пен өнерді дамытуға сіңірген еңбегі үшін» құрмет белгісінің иегері, П.И.Чайковский атындағы халықаралық конкурс лауреаттары қауымдастығының мүшесі. «Қазақстанның 100 жаңаесімі» ұлттық жобасының жеңімпазы. 2 опера және 150-ден астам классикалық музыкалық шығармалардың авторы.