Астана - 102,7FM Алматы - 102,8FM Ақтау - 103FM

Алматыда «Үш дүние арқауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда «Үш дүние арқауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті

Алматыда танымал ақын, режиссер және сценарист Бақыт Қайырбековтің «Үш дүние арқауы» деректі фильмінің тұсаукесері өтті. Картина мыңдаған жылдар бұрынғы Шумер мәдениеті мен Орталық Азияның көшпелі халықтары арасындағы таңғажайып параллельдер туралы. «Үш дүние арқауы» деректі фильмі Орталық Азияның көшпелі халықтары мен ежелгі Шумер мәдениеті арасындағы таңғажайып байланыс туралы. Жоба авторы ақын, режиссер Бақыт Қайырбеков Олжас Сүлейменовтің «Аз и Я. Шумер-наме» және Мұрат Әуезовтің «Бәрін көрген» – ең көне Інжілге дейінгі эпосқа арналған еңбектерінен шабыт алған.
Автор деректі фильмде отырықшы және көшпелі мәдениеттердің бауырластығын, екі өркениеттің мәдени байланысындағы алғашқы және соңғы әрекетті көрсеткен. Көрермен ұлтымыздың көне мәдениетіндегі тарихшылар байқамаған немесе әдейі елемей кеткен көптеген құнды дерекпен таныса алады.
Қазақ халқының тарихы, мәдениеті және философиясына арналған картина бір жылдан аса түсірілген. Тұсауы кесілген аталмыш туынды алдағы уақытта халықаралық байқауларға ұсынылады.