Астана қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының "САРЫАРҚА" халық музыка ансамбліне биыл 20 жыл.

Осыған орай, аталмыш ұжым қазан айының 5 жұлдызында сағат 19.00 де "Ән-жырым "Сарыарқа" 20 жыл" атты есеп беру концертін өткізеді.

Елордамыздың мерейлі мерекесімен тұспа-тұс келген, осынау айтулы күн, өнерімізге қуат, шабытымызға серік болары хақ. Арқадағы аталмыш ансамбльдің 20 жыл ішінде атқарған еңбегі расында орасаң. Қазақы өнерді дәріптеп жүрген бұл ұжым, мәртебелі мәдениетіміздің дамуына да өлшеусіз үлес қосып келеді. Тереңге тамыр тартқан төл өнеріміз, осындай ұлттық өнерді дәріптейтін ұжым өнерпаздары барда, мәңгі жасайды. Ендеше "Сарыарқаға" бірге қолдау көрсетейік...