Айдана Аламан: «#ЖүрегімніңИесі - махаббаттың жетіспеушілігінен туған туынды»
Жүрегінің иесін іздеген жандардың тағдыры жас драматург Айдана Аламанды алаңдатпай қоймады. Себебі, бүгінгі қоғамға шынайы көңіл мен махаббат жетіспейді.
#ЖүрегімніңИесі. Театр сыншысы алғашқы туындысын осылай деп атаған. Ол осы пьессасын 23 жасында жазыпты.
Бұл туралы театр және кино сыншысы қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.
««Жүрегімнің иесі» қойылымы бір маусым бойы аншлагпен өтті. Қазіргі таңда адамдарға ақша барлығы жеткілікті. Оларға тек көңіл жетіспейді, махаббат жетіспейді. Дегенмен менде, қулық болды. Қойылымды заманауи бағытта және атауының өзін хэштегпен жаздым. Бірақ, көрермен күткен ерекше махаббат оқиғасы емес. Кәрі қыздың тағдыры суреттелген. Өзіме де махаббат қатты жеткілікті деп айта алмаймын, сондықтан да осы пьессаны жаздым деп ойлаймын»,- дейді бағдарлама қонағы.