Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ерғали Көшербаев: «Өнер табыстырды, Алматы қауыштырды, өмір достастырды»

Қазақ радиосының «Армандастар» бағдарламасының кезекті қонағы – жас әрі талантты сазгер Ерғали Көшербаев.

Сазгердің әндері Мақпал Жүнісова, Өмірқұл Айниязов, Қайрат Нұртас, Жігер Ауыпбаев секілді эстрада әншілерінің орындауында көпшілікке танымал. Сонымен қатар, оның Таңшолпан Абайқызы, Сандуғаш Стамғазиевамен орындаған дуэттері де көптің есінде.

«Сөз – үлкен құдіретке ие. Мен көбінесе өлеңге ән жазамын», - дейді студия қонағы. Ерғали Көшербаев ақын Нұртас Тұрғанбек, Еркебұлан Кенехан, Тағайбек Тұрысбековтермен тығыз шығармашылық байланыста. Өнерге деген шексіз махаббат пен адалдықтың арқасында талант иелері бірлесіп көптеген туындыларды жарыққа шығарды.

«Шын мәнісінде, Ерғали екеумізді өнер табыстырды, Алматы қауыштырды, өмір достастырды. Осы күнге дейін қаншама ән жаздық. Әлі де өнер сүйер қауымды қуантар туындыларымыз жетерлік», - деді хабар барысында тікелей байланысқа шыққан сазгердің шығармашылығында өз орны бар ақын Тағайбек Тұрысбек.