Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қалқаман Сарин: «Өлеңнің екінші аты – мұң»

Мұңсыз өмір сүруге болатын шығар. Бірақ, мұңсыз өлең жазылмасы анық. Себебі, ақындар шығармаларына сағыныш сезімін жиі арқау етеді. Сондықтан,  «Өлеңнің екінші аты – мұң» деген түсінік қалыптасты. Бұл туралы ақын Қалқаман Сарин Қазақ радиосындағы «Бұл – менің жүрегім» бағдарламасында айтты. 

 

«Өлеңнің екінші аты – мұң. Ол мұң болғанда қайғы-қасірет емес. Сағынышқа толы тәтті дүниені өлеңге айналдырғың келеді. Кейде өлең болып өріліп түседі. Әрине, өлеңде мұңлымыз.  Мұңсыз өлеңді мінсіз деп айта алмас едім. Өлеңде мұң, сыр болу керек»,- дейді  Қалқаман Сарин. 

Бағдарлама қонағы сұхбат барысында әдебиет әлеміне қосқан ұстазы жайлы пікір білдірді. 

 

«Менің шығармашылығым туралы сөз қозғалса, Фариза апамызды  міндетті түрде атап өтуім керек. Айтып жүремін, айтып жүрмін де. Неге десеңіз, менің тұңғыш кітабыма алғы сөз жазып, әдебиет әлеміне қосып, ақ жол тілеген Фариза Оңғарсынова болатын. Алғашқы өлеңдерімді сол кісіге алып барғанмын. Поэзия падишасын қатал деп ойлауы мүмкін. Бірақ, жүрегі мейірімге толы. Көрген жерде барлық жағдайымды сұрап тұратын. Анамыздай болды десем артық айтқандық емес. Сондықтан, ол кісінің жақсылығын ешқашан ұмытпаймын. Ол кісі мейірімді жүректің иесі еді»,-дейді ақын. 

 

Қазіргі таңда қаламгер ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен тағы бір кітап жазып жатқанын мәлімдеді. Кітап осы жылдың соңында немесе келер жылдың басында көпшілікке таныстырылады деп жоспарланған.

 

Айта кетейік, ақынның осы уақытқа дейін «Арманымның бейнесі», «Құс жолындағы керуен» атты екі кітабы жарық көрген.