Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ернар Айдар: «Бала кезімде айтыскер болуды армандадым »

Әнші Ернар Айдар бала кезінде неше түрлі мамандық иесі болуды армандаған. Бірақ ешқашан «әнші» боламын деп жоспарламаған көрінеді.

Бұл туралы орындаушы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

«Кішкентайыңда кім болуды армандамайсың? Футболист, боксер  болғым келді. Барлық салаға қызығушылығым болды. Әр жұмысты бастағанда, ұқыпты аяқтауға тырысатынмын. Мысалы, ауылда қауын ұрлаудың өзі өнер ғой. Жалпы  бала кезімде қатты бұзық болдым. Бастысы еңбекқормын. Ешбір жұмыстан қашпаймын.  Мектеп кезінен қоғамдық жұмысқа араластым. Бала кезімде сурет салып, суретші боламын деген де арман болды.   Одан кейін айтыскер ақын боламын деген мақсатым болды.  Эфирден айтыс көрсетсе, үйдегі касеталардың барлығына жазып алатынмын. Кейін домбыра алдыртып, біршама әндер айтым. Есейгенде ғана «әнші» боламын деп шештім»,-дейді әнші Ернар Айдар.