Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Маратхан Мұхтарханұлы: «Қала тұрғындары арасында айтшылауды дамыту қажет»

Құрбан айттың артықшылықтары көп. Малды бауыздап, қан ағызудан бөлек, бұл мейрам адамзат арасындағы қарым-қатынасты жақсартады.

Бұл туралы «Қайрат» мешітінің бас имамы Маратхан Мұхтарханұлы Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

«Ауылды жерде тұрғындар айттайды. Қала тұрғындары арасында айтшылауды дамыту қажет. Әрбір  үйге зиярат жасап, айт мерекесімен құттықтау керек. Мейрамды барынша пайдалана отырып, ренжіскен дос-жаран, туған-туысқа сыйлығымызды үлестіруіміз қажет. Кешірімді болған абзал. Осы мерекеде бойдағы тәккаппарлықтан жеңілуіміз керек. Кім бірінші болып кешірім сұрайтын болса, соған сауап жазылады»,- дейді  «Қайрат» мешітінің бас имамы Маратхан Мұхтарханұлы.