Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Шахизада Байпатшанова: «Үшінші рет тұрмыс құрғым келмеді»

Екі рет тұрмыста болған Шахизада өзінен жас жігітке ғашық болып қалған. Бірақ әнші тұрмысқа шығуға асықпайды. 

Бұл туралы Шахизада Байпатшанова Қазақ радиосындағы «Түнгі толқын» жастар бағдарламасында айтты. 

«Әр адамның өзінің жеке өмірі бар. Өз өміріме өзім жауаптымын. Маған сезімін білдіретін жігіттердің жасын сұрамаймын. Қатты арсыз емеспін. Сондықтан, өзімнің баламмен немесе немереммен жасты жігіттерден өзімді алыс ұстауға тырысамын. Жасыратын ешнәрсе жоқ. Қазіргі таңда мені жақсы көретін жас жігіт бар. Маған ғашық болған жанның көңіліне қаяу түсіріп, сөзін қайтарғым келмейді. Қазіргі таңда көпшілік әдемі сөзге, шынайы сезімге зәру. Сондықтан, бақытты болғанға не жетсін. Үшінші рет тұрмыс құрғым келмеді. Еркетерден көңілім қалды.  Бірақ, ұсыныс жасағандар болды»,- дейді әнші. 

Бағдарлама қонағының айтуынша, оның ер азаматы өнер адамы болмаса да, өнерді бағалайтын жан.