Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Айдар Шәрібаев: «Головкиннің орнын басар ізбасарлар көп»

Қазақстанда кәсіпқой бокс қарқынды дамып келеді. Оған «Промоутер» орталықтардың көбеюі дәлел.  

Бұл пікірді спортшы Айдар Шәрібаев Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

«Промоутер орталықтар - ең бастысы спортшыға барлық жағдайды жасайды. Алаңға, аламанға баптайды. Келіссөздер жүргізіп, жарнама жұмыстарымен айналысады. Головкиннің ізбасарлары деп Бекман Сойлыбаевты, Батыр Жүкембаевты, Абылайхан Құсайыновты, Мадияр Ашкеевты, Мейірім Нұрсұлтановты, Асхат Уәлихановты, Жәнібек Әлімханұлын атап өтер едім. Барлығы да сен тұр мен атайын деген азаматтар. Осы уақытқа дейін спорт сүйер қауым Головкин үшін демалыс күндері ерте оянған болса, бұдай былай, бокс үшін жиі оянатын болады», - дейді студия қонағы.