Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жомартбек Айменов: «Жалпыхалықтық диктантты өткізудегі мақсатымыз – халықты латын қарпіне дағдыландыру»

Бүгін ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен латын қарпіне негізделген қазақ әліпбиі бойынша сағат 11:00-де «ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ ДИКТАНТ» өтті.

«Qazaq radiosy», «Shalqar» радиолары тікелей эфирде диктант мәтінін таратып, жалпыхалықтық диктанттың ойдағыдай өтуіне ақпараттық қолдау көрсеткен болатын. Диктанттың өтуіне ұйытқы болған Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Тіл саясаты комитетінің Латын графикасына көшуді үйлестіру басқармасының басшысы Жомартбек Айменовтен «QAZAQ RADIOLARY» серіктестігінің журналисі Жанболат Шәкім сұхбат алған еді. 

«Жалпыхалықтық диктантты өткізудегі мақсатымыз – халықты латын қарпіне дағдыландыру, тез меңгеруіне ықпал ету. Алдын ала берілген есеп бойынша бұл диктантқа 1.5 миллионнан астам адам қатысты. Халық жақсы қабылдап, оң бағаларын беріп жатыр. Сондай-ақ, Ұлттық академиялық кітапханада 100-ге жуық адам диктант жазды, олардың қатарында: зиялы қауым өкілдері, спортшылар мен мәдениет қайраткерлері, ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы да бар. Алдағы уақытта диктантқа қатысты статистикалық мәліметтер жинақтап, толық ақпарат береміз»,-дейді Жомартбек Айменов.