Кірпінің адам денсаулығына берер пайдасы қандай?
Кірпіні күз мезгілінде жинап алады. Оны арнаулы балшыққа орап, жағып тірі күйінде пешке салады. Нан жабатын тонардың ішіне салады.Сөйтіп, бұның терісін ақтарып алғаннан кейін, шекқарнын, сүйегін, етін асқазан жарасына, іштің суық ұстап қалуына, ішектің жұмыстың нашарлауына жиі қолданады.
Қазақ радиосы «Табиғат және біз» бағдарламасының қонағы - Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі, «Алтын жүрек» және «Сократ» сыйлығының иегері, академик Жасан Зекейұлы кірпінің адамға берер пайдасы жайлы айтып берді.
«Кірпінің ем болмайтын түрі жоқ. Терісін нервтік клеткаларды қалпына келтіру үшін қолданады. Терісінде адам организмдегі өшіп қалған нервтерді оятуға қабілетті дәрумен бар. Терісін кептіріп, үгітіп істеген. Мынау дәретке қан келуін тоқтату үшін де ішкізеді».