Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Азық-түліктердің адам дене мүшелеріне ұқсайтынын білесіз бе?

Азық-түліктердің адам дене мүшелеріне ұқсайтынын білесіз бе?
Сіздер байқамайтын боларсыздар, бірақ, күнделікті тұтынатын азық-түлік адамның дене мүшелеріне ұқсайды екен. Ал, таңғаларлығы олар сол тиісті дене мүшелеріне пайдалы.

Қызанақ пен жүрек


Мысалы, кесілген қызанақ жүрекке ұқсайды. Соңғы зерттеулерге сүйенсек қызанақтың құрамындағы ликопин жүрек ауруының алдын алады.

Балдыркөк пен сүйек



Балдыркөктің (сельдерей) ұзын бұтақтары сүйек пішініне ұқсайды. Оның да адам сүйегіне пайдасы бар. Себебі, балдыркөктің құрамында сүйек минерализациясын реттейтін көп мөлшерлі кремний бар.

Грек жаңғағы мен адам миы



Грек жаңғағының адам миына ұқсайтыны барлығына белгілі. Оның құрамындағы полиқанықпаған омега-3 май қышқылдары мидың қалыпты жұмыс істеуіне көмектеседі екен.

Сәбіз бен көз



Сәбіздің бір тілімін кессеңіз, бұл көкөністің көзге ұқсайтынын байқайсыз.Сәбіздің шын мәнінде көзге берер пайдасы мол Ол бета-каротин сынды дәрумендер мен антиоксиданттарға толы.

Саңырауқұлақ пен құлақ



Егер, сіз саңырауқұлақты кессеңіз, адам құлағымен ұқсастығын байқайсыз. Саңырауқұлақтар Д витаминіне бай болғандықтан адамның есту мүшесін жақсарта түседі.