Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түрік бауырлармен бірлесіп жұмыс істеуге алғашқы қадам жасалды

Түрік бауырлармен бірлесіп жұмыс істеуге алғашқы қадам жасалды

«ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» мен Түркия радиоларының басшылары «Азияның медиа диалогы» форумы аясында кездесу өткізді.

Жиын барысында екі елдің алдағы уақытта әдеби-мәдени қормен, маңызды тәжірибемен алмасуы туралы жоспарлар талқыланды. Сонымен қатар, түркі дүниесіне ортақ, тамыры терең туындыларды жандандырып, радио әлеміне алып келу көзделіп отыр.

Түрік радиолары басқармасының басшысы – Ахмет Акчакая өз кезегінде «Қазақ радиолары» қызметкерлерін өз елінде қарсы алуға дайын екендігін жеткізді. Қазақ радиосы «Қайырлы таң, Қазақ елі» бағдарламасының тікелей эфирінде қонақта болған Ахмет бей: «Бүгінгі эфир өте жақсы өтті. Тыңдаушылар тарапынан толассыз әрі қызықты сұрақтардың түсуі мені өте таңқалдырды. Мұндай қызығушылық қазақ халқының түрік мәдениеті мен тыныс-тіршілігіне деген құрметі деп білемін»,- деп өз ризашылығын жеткізді.

Дүниежүзілік деңгейде жұмыс істейтін түркиялық теле-радио құрылымының тәжірибесі біз үшін аса маңызды. Талғамы биік тыңдаушыларды бірден баурап алатын ірі жобалар мен хабарлар бізді қызықтырып отыр. Ахмет Акчакаяның айтуынша олардағы радиоөнімнің 40% телевизиялық жобалармен бірігіп жасалатын хабарлар. Сондай-ақ, елдегі ең танымал театрлардың пьесалары тыңдарманға дубляждалып, радиодрама нұсқасында ұсыналады екен.

Кездесу соңында түркі халықтарына ортақ радиофестиваль мен радиожурналистердің мәртебесін көтеретін ортақ сыйлық ұйымдастыру туралы ұсыныс айтылды.

Түркиялық ТРТ құрамындағы түрік аспаптар оркестрінің шағын тобы бүгін кешке, яғни 10.07.2018 сағат 21:00-де «Қазақ радиосы» «Ән салlike» бағдарламасының тікелей эфирінде өнер көрсетеді.