Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстандағы эмиграция

Қазақстандағы эмиграция

Қазақстаннан 2013 жылы 24 мың адам көшсе, 2017 жылы 39 мыңға жетті.

Ішкі істер министрлігі 2018 жылдың қаңтар-мамыр аралығында Қазақстаннан 40 мың адам қоныс аударды деген ақпаратты теріске шығарды. Ішкі істер органдары азаматтардың елден көшу жөнінде биыл 13 500 құжат қабылдаған. Ресейге 10 600, Германияға 787, Польшаға 164, Америкаға 143, Канадаға 52 және Израильге 44 құжат ресімделген.

Шетелге көшудің бірден-бір себебі адамдардың тарихи отанға оралуы. Жоғарыда айтылғандай, Қазақстаннан 2017 жылы 39 мың адам көшсе, оның 32 мыңы Ресейге, 3 мыңға жуығы Германияға қоныс аударса, қалғаны Беларусь, АҚШ, Израиль елдеріне көшкен.

Статистикаға сүйенсек, Ресейге көбінесе Қазақстанның солтүстік өңір тұрғындары көшуде. Сондықтан, солтүстік аймақтарда маман тапшылығы байқалуда. Мысалы, былтыр шетелге 5 000 инженер, 2 700 экономист, 1 700 мұғалім қоныс аударған.    

Ақпарат Қазақ радиосының «Өз сөзім» хабарында айтылды.