Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Радионы визуализациялау заман талабы

Радионы визуализациялау  заман талабы

      Радионарықтағы жаңа өзгерістерге ілесу – заман талап еткен негізгі міндетіміз. Сондай трендтің бірі радионы визуализациялау. «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» ЖШС Бас директоры Мәди Манатбекұлы Астанада әлемдік деңгейдегі журналистер мен телерадио басшылары басын үш күнге қосқан «Азияның медиа диалогы» форумының кезекті жиынында сөзін осылай деп бастады.

Мәди Манатбекұлының мәлімдеуінше радионы визуализациялау жоспары бойынша 2018 жылдың мамырынан бастап Қазақ радиосының тікелей эфир студиясына 360 градустық кәсіби робот камералар орнатылған. Бүгінде осы құрылғылар арқылы Қазақ радиосы Instagram, Facebook, ресми сайтта және YouTube арнасында тікелей эфирде, тестік режимде хабар таратады. Жыл соңына қарай, «Шалқар», «Астана» және «Классик» радиоларына да бейнекамералар орнатылады. Қазір «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫНЫҢ» әлеуметтік желідегі көрсеткіштері 4 радионы қоса есептегенде: Facebook желісіне жазылушы былтырмен салыстырғанда 44% артты!; Instagramда – 16 есеге өсті!. Әр радионың жеке сайты бар. Бұған қоса, «Qazaqstan» телерадиокорпорациясының төрағасы Ерлан Тынымбайұлының бастамасымен жүзеге асқан «Qazaqstan TV» мобильді қосымшасының жұмыс істеп тұр. Осы арқылы әлемнің кез-келген нүктесінен корпорация құрамындағы телеарналар эфирін жоғары сапада көруге болады. Оның ішінде, Қазақ радиоларын да онлайн тыңдау мүмкіндік бар. Таяу арада подкасты бар интеллектуалды-мобильді қосымша ашуға дайындалып жатырмыз.

Отандық радио кеңістігіне жаңа леп, серпін әкелу үшін 2019 жылдан бастап «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫН» республикалық «Оtau-tv» спутниктік желісіне дербес арна ретінде қосу жоспарланып отыр.

Әлемнің радио өкілдері жиылған бүгінгі алқалы жиында «ҚАЗАҚ РАДИОЛАРЫ» басшысы  радио нарықтағы бүгінгі трендтермен де бөлісті. Радионың әлі күнге жарнама нарығында 10% деңгейіне шықпағанын, Қазақстанда радиоға жарнама тапсырысының тек 6%, өзге елдерде 5-7% көлемінде екенін тілге тиек еткен Мәди Манатбекұлы сөзін «Егер радионы интернет, мобильдік қосымша, әлеуметтік желі арқылы дамыта берсек, бұл көрсеткіштің өсетіні анық»,-деп түйіндеді.