Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты

Әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты

«Әрбір адам өз денсаулығына өзі жауапты. Барлық жауапкершілік пен кінәні дәрігерге артып қою – қоғамда қалыптасып қалған қате пікір», - деді «ҚАЗАҚ РАДИОСЫ» «Бірінші байлық» бағдарламасында қонақ болған «Амансаулық» қоғамдық қорының басшысы Бақыт Ниязбекқызы.

Он бір жыл бойы отандастарымызға қызмет көрсетіп келе жатқан «Амансаулық» қоғамдық қоры денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғаныс құқықтарын қорғау саласында жұмыс істейді. Қордың негізгі міндеті – қоғамдық және ғылыми-кеңестік тұрғыдан үкіметтік мүшелер, қоғамдық ұйымдар және түрлі әлеуметтік өкілеттіктер арасында диалогты дамыту.

«Конституциямыз бойынша әрбір азаматтың денсаулық сақтауға құқығы бар. Алайда, түрлі жағдайға байланысты бұл құқықтар сақталмай жатады. Сондай жағдайларда адамдардың арыздарын қабылдап, оларға көмек көрсетеміз. Жалпы, бүгінге дейін 30 мыңнан астам арыз келіп түскен. Десе де, қазіргі кезде көбінесе кеңес алу үшін де «Қай жерде жақсы маман бар? Квотаны қалай алуға болады? Порталға қалай тіркелуге болады?» деген секілді сауалдармен хабарласады», - деді Бақыт ханым.

Сондай-ақ, маман сұқбат барысында қоғамдағы нәтижесіз реформалардың, жемқорлықтың салдарынан ақ халаттыларға деген сенімнің азайғанын да жеткізді.

Ақпарат Қазақ радиосының «Бірінші байлық» хабарында айтылды.