Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әлемнің білікті медиа мамандары радиоға арналған ұтымды контентті дамыту жайлы пікір алмасты

 Әлемнің білікті медиа мамандары радиоға арналған ұтымды контентті дамыту жайлы пікір алмасты

Медиа саласының одан әрі дамуы үшін өте қажетті «Азияның медиа диалогы» халықаралық жиынының алғашқы күні «Азия елдеріндегі радио» тақырыбына арналды. Мамандар жаңадан радиостанция құру және оның медианың басқа салаларымен бәсекеге түсуі, ұтымды контент таңдауы жайлы, сонымен қатар, таңғы бағдарламалар мен балалар радиосын дамытып, тарату туралы пікірлерін ортаға салды.

Солардың бірі америкалық радио-контент маманы Ронни Стантон: «Қазақстан секілді жас мемлекет үшін әлемнің мықты медиа мамандарының басын қосу өте маңызды. Бұл сіздерге басқа елдердегі әріптестеріңіздің жіберген қателіктерін қайталамауға мүмкіндік береді. Демек, өзгелерден көрі жақсырақ әрі сапалы өнім жасай аласыздар», - деп өз пікірін білдірді.

Жиын барысында АҚШ, Жапония, Ұлыбритания, Румыния және т.б. әлемнің түкпір-түкпірінен келген медиа майталмандарының пікірін тыңдауға болады.