Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Оны босатпағанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді...»

«Оны босатпағанда мұндай қайғылы оқиға болмас еді...»

Денис Теннің өліміне қатысы бар екінші күдікті – 1994 жылы туған Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Ақай ауылының тумасы Арман Құдайбергенов. Бұған дейін қылмысқа қатысы бар деген 24 жастағы Жамбыл облысының тумасы Нұрлан Қиясов қамауға алынды.

Тағы бір дерек. Астана қаласының тұрғыны Сапар Шәмшиевтің айтуынша, Арман Құдайбергенов 11 шілдеде көліктің айнасын ұрлау үстінде қолға түскен. Келесі күні құқық қорғау органдарына түсініктеме берген Сапар Шәмшиевке аталған қылмыстың соты 20 шілде болатынын айтқан.    

«Ол жігітке не болды, өзі қазір қайда? деп сұрағанымда, «ол алдында істі болғанын мойындап түсініктеме жазды» деп жауап берді. Сотқа дейін уақытша қамауда болады деп түсіндім. Алайда, Құдайбергенов 13 шілде күні тергеуші арқылы келісімге келу ниетін білдірді. Мен бас тартып, істі соңына дейін жеткізгім келетінін айттым», - дейді зардап шегуші.

Кейіннен белгілі болғандай Арман Құдайбергенов ешқайда шықпау туралы қолхат жазып, 20 шілдеде болатын соттан құтылып кеткен.

«Полиция қызметкерлері маған оның суретін көрсеткенде мен бірден таныдым. Ол жігіт Денис Теннің өліміне қатысы бар күдікті екенін айтты. Қайғылы оқиға болған күнге дейін қылмыскер қамауда деп ойладым. Егер де Құдайбергеновты қамаудан босатпағанда, ол Алматыға бара алмас еді және мұндай қайғылы оқиға болмас еді...»,-дейді Астана тұрғыны.

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис Тен 19 шілдеде Алматыдағы Құрманғазы–Байсейітова көшелерінің қиылысында қарақшылар қолынан ауыр жарақаттанып, жан сақтау бөліміне түскен. Бірнеше сағатқа жалғасқан реанимациялық шараларға қарамастан, аурухана дәрігерлері оның өміріне араша түсе алмады.