Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түркістаннан елордаға 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

Түркістаннан елордаға 400 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жол тартты

Астана қаласының 20 жылдығына орай, Түркістан облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылық өнімдері бас қала - Астанаға жөнелтілді, деп хабарлайды  өңір басшылығының  ресми сайты.

 

Тамыздың 11-12-де болатын жәрмеңкеде сатылатын ауыл шаруашылығы өнімдерінің көлемі 411 тонна. Тарқатып айтсақ, 400 тоннадан астам өнімнің 66 тоннасы ет және ет өнімдері, 137 тоннасы көкөніс, 27 тоннасы сүт өнімдері, 39 тонна жеміс-жидек, 20 тонна картоп, 5 тонна балық, 4 тонна бал (әсел), 5 тонна кептірілген жеміс, 4 тонна түрлі консервілер және 28 тонна басқа да өнімдер. Жалпы құны 101 млн теңгені құрайтын өнімдер елорда төрінде нарық бағасынан 15-20% арзан саудаланбақ.  

 

Ұйымдастырушылардың ұйғарымы бойынша отандық өнімдеріміз қала тұрғындары мен қонақтарына жәрмеңкеде ұсынылады. Түркістан облысының, Астана қаласының 20 жылдық мерекесі аясында 5 рет жәрмеңке өткізу жоспарланған. Бұл сапар соның үшінші толқыны деуге болады.   


Жалпы, Астанада ұйымдастырылып жатқан ауыл шаруашылығы өнімдерінің бес жәрмеңкесінде түркістандық шаруалар 14 753 тоннаны құрайтын ауыл шаруашылығы өнімдерін жөнелтеді. Осы мақсатта облыстан 35 ірі және қосалқы шаруа қожалықтары мен кәсіпорындары іріктеліп, дайындық жұмыстары күшейтілуде.