Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Kiki Challenge флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Kiki Challenge флешмобына қатысушылар жауапкершілікке тартылуы мүмкін

Ақмола облысының полицейлері танымал Kiki Challenge флешмобында жол ережесінің бұзылатынын ескертеді.

 

Ведомствоның мəліметінше, соңғы кездері елімізде Kiki Challenge флешмобы белең алған. Оған қатысушылар жүріп келе жатқан автокөлік салонынан секіріп түсіп, əр түрлі трекке билей жөнеледі. Ақмола облысының ІІД ЖПҚ қызметкерлері жүргізген уақытылы түсіндіру жұмыстарының нəтижесінде өңірде мұндай қауіпті флешмоб өткізілген жоқ. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде полицейлер мұндай флешмобты жол ережесін бұзу деп санайды.

 

«Бұлай көңіл көтеру жол ережесін бұзу ретінде қарастырылады. Жол ережесінің 2.1.4 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлігінің өздігінен қозғалып кетпейтініне толық көз жеткізіп алмай, көлiгінен түсіп, кетуіне болмайды. Оған қоса, жол қозғалысы ережесінің 19.5 пунктіне сәйкес, жүргізуші көлiк құралы толықтай тоқтағаннан кейiн ғана жолаушыларды отырғызуға және түсiруге, қозғалысты көліктің есігі толық жабылған кезде ғана жүзеге асыруға мiндеттi. Жүріп келе жатқан көліктен секіріп шығу арқылы тəртіп бұзушылар жол қозғалысының өзге қатысушыларына қауіп төндіреді»,- деп түсіндірді Ақмола облысының ІІД ЖПҚ бөлім басшысы, полиция подполковнигі Қуанышбек Əбенов.