Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Түйені қолдан ұрықтандыруға болады

Түйені қолдан ұрықтандыруға болады

Түйенің төлін алу аса қиын. Боталарды екі-үш ай бойы ешкімге көрсетуге де болмайды.

 

Қазіргі уақытта аса маңызды мәселенің бірі - ойсылқараның санын молайту. Бұл туралы профессор Орынбасар Төребеков Қазақ радиосындағы «Алматы түні» бағдарламасында айтты. 

 

«Түйе -  физиологиясы ерекше, шөлге төзімді мал. Оның шұбаты адам денсаулығына өте пайдалы.  Сондықтан, түйе шаруашылығын дамытуға мықтап кіріскенбіз. Осыдан 2-3 жыл бұрын студенттерімді Маңғыстау облысы Шетпе ауылына жібердім. Олар біраз тәжірибе жинақтап қайтты. Сүтқоректі жануарға жылдың мерзімі,  сусыз жүруі барлығы әсер етеді. Түйенің күйлеуі 1 айға дейін созылады. Сол 1 айда түйе шағылысқа 1-2 рет түссе, онда ол өте нәтижелі болады. Сондықтан, мамандар осы жағдайды жақсы қадағалау керек. Осыдан 20-30 жыл бұрын  біздің кафедрада Рақымжанов деген ағамыз түйені қолдан ұрықтандыру әдістерін ойлап тапқан. Оны өндіріске енгізген болатын. Бірақ, қазір онымен ешкім айналыспайды»,  - дейді Қазақ Ұлттық аграрлық университеті «Акушерлік және хирургия» кафедрасының профессоры Орынбасар Төребеков.