Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚР Ұлттық банкі теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді

ҚР Ұлттық банкі теңгенің әлсіреу себебін түсіндірді
«Валюта нарығындағы жағдай туралы- 2018 жылғы 9 тамызда теңге бағамы өткен күнмен салыстырғанда бір АҚШ доллары үшін 354,06 теңге деңгейіне дейін немесе 1,6%-ға әлсіреді. Бұл Ресейге қатысты санкцияларды қатаңдату тәуекелінің күшеюі және мұнай бағасының төмендеуі аясында рубльдің құнсыздануының салдарынан болды»,- делінген Ұлттық банк таратқан ақпаратта.

Ресей рублі АҚШ долларына қатысты бір күнде 4,2%-ға (63,6-дан 66,3-ке дейін) және еуроға қатысты 4,1%-ға (73,8-ден 76,8-ге дейін) әлсіреді. АҚШ заң жобасының жариялануы рубльдің әлсіреуінің негізгі себептерінің бірі болды. Бұл заң жобасы Ресей Федерациясының мемлекеттік борышын қаржыландыруға және Ресейдің бірқатар жетекші банктерінің мүлкімен мәмілелерге шектеу салуды көздейді. 

Американың мұнай өнімдеріне Қытайдың баж салықтарын енгізуі мүмкін екендігі ақпарат аясында Brent маркалы мұнай бағасы бір баррель үшін 72 долларға дейін төмендеді.

«Қазіргі уақытта бағамның белгіленуі Ұлттық Банктің қатысуынсыз жүруде. Ұлттық Банк валюта нарығындағы ахуалға үнемі мониторинг жүргізіп отыр және қажет болған жағдайда теңге бағамының айтарлықтай және тұрақсыздық тудыратын қысқа мерзімді ауытқуларын реттеуге бағытталған өктемдіктерді жүзеге асыруға дайын»,- деп атап көрсетті Ұлттық банктің баспасөз қызметі.