Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҚМДБ: Құрбан айт 21 тамызда басталады

ҚМДБ: Құрбан айт 21 тамызда басталады

Әлемдік деңгейде мәртебесі биік діни мейрам – Құрбан айт 2018 жылы тамыз айының 21-і күні басталатыны белгілі болды.


Биыл мұсылман күнтізбесі бойынша қажылар Арафа жотасында құлшылық ететін Арафа күні 20 тамызға сәйкес келеді. Қажылыққа бармаған мұсылмандар үшін арафа күні ауыз бекіту – мұстахаб (жағымды) амал. Жағдайы бар, əрі жолаушы емес мұсылманға құрбандық шалу – уəжіп, мұсылмандық міндет. Құрбандыққа түйе, сиыр жəне қой (ешкі де) шалынады. Бір қошқар немесе қой бір кісі атынан шалынса, қара мал немесе түйені жеті кісі бірігіп, құрбандыққа шалуға болады. Құрбандық еті үшке бөлініп: бір бөлігі құрбан шалушыға қалып, екінші бөлігі ағайын-туыс, көршілерге, үшінші бөлігі көмекке мұқтаж жандарға таратылады.

Құрбан - араб тілінде «жақындау» дегенді білдіреді, яғни жасаған сауап істер арқылы жүректі тазартып, жаратқанға жақындай түсу. Ал шариғаттағы терминдік мағынасы - «шарттарымен санаса отырып құлшылық ниетімен мал бауыздау» дегенге саяды.