Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Қайда барамыз?»

«Қайда барамыз?»

Елорда саябақтарында өтетін күн сайынғы концерттік бағдарламалар мен түрлі іс-шаралар өз жалғасын табады.

Қала әкімдігі ұсынған мәдени және спорттық шаралардың апталық жоспарын назарларыңызға ұсынамыз:

«Астана Опера» театрында тамыздың 15-і кешкі сағат 19:00-де «Бенефис Альта» концертін, ал 19 тамызда «Құтты мекен Ақтөбеден ән шашу» концертін сағат 18:00-де тамашалауға мүмкіндік бар.

Конресс-орталықта ресейлік Дима Биланның ән кеші 15 тамызда өтеді деп жоспарлануда.

«Астана» концерт залында 16-20 тамыз аралығында сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін көрме-жәрмеңке өтеді.

Сондай-ақ, осы күндері «Этноауыл» ұлттық-мәдени кешенінде «Алпамыс» театрланған цирктік шоу көрермендерге жол тартады. Аталған қойылымға түрлі елден 70-тен астам артист жұмылдырылған. Олар халықаралық конкурстардың жеңімпаздары мен атақты Du Soleil циркі қойылымдарының қатысушылары. Басталуы 19:30-да.

«Цветочный» саябағы, Қаржы Министрлігінің алдында тамыздың 17-і Спорт күніне арналған іс-шаралар сағат 18:00-де басталады.

Ал 18 тамызда Мемлекеттік рәміздер алаңынан «Астана-Арена» стадионына дейінгі аумақта бұқаралық велошеру өткізіледі.

«Астаналық» саябағы амфитеатрында грэпплингтен «Qazaq Batyry Championship» республикалық турнирін 18-19 тамыз аралығында өткізу жоспарланған.

«Астана М» мен «Жас Ұлан» командалары арасындағы футболдан ҚР чемпионаты «Астана-Арена» стадионында, тамыздың 18-і сағат 16:00-де өтеді. Елорада саябақтарында ұйымдастырылатын спорттық іс-шараларды 19 тамызда өтетін «Fitness Park Astana» бағдарламасы қорытындылайды.