Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«7-20-25» бағдарламасы бойынша қандай банктер несие береді?

«7-20-25»  бағдарламасы бойынша қандай банктер несие береді?

«7-20-25» бағдарламасы бойынша ипотека несиесін төрт банк береді: Центркредит банкі, АТФБанк, Bank RBK және Цеснабанк.

Бұл туралы  «Баспана» Ипотекалық ұйымы» АҚ Сыртқы байланыс қызметі басшысының орынбасары Айбар Олжаев хабарлады. 

Оның айтуынша, алдағы уақытта бағдарламаға тағы бір қаржы институты – «Еуразиялық банк» қосылады. 

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» акционерлік қоғамына (АҚ) қатысты: бүгінгі таңда тұрғын үй құрылыс жинақ банкі «7-20-25»  бағдарламасы бойынша өз тұтынушыларымен белсенді дайындық жұмысын жүргізуде. Банктің ішкі механизмі сәйкестендіріліп, лицензия алу процесі де жүріп жатыр. Біздің ойымызша, тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тез арада «7-20-25»  бағдарламасына қосылады», - деді Айбар Олжаев.