Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«7-20-25» - 2 бөлмелі пәтер

«7-20-25» - 2 бөлмелі пәтер

        «Баспана» ипотекалық ұйымы баспасөз қызметінің хабарлауынша, «7-20-25» бағдарламасы бойынша берілетін баспананың орташа ауданы 62 шаршы метрді құрайды. Нарық көрсеткіштеріне сәйкес, мұндай аумаққа 2 бөлмелі пәтердің сәйкес келетіні анықталды.

Отбасының айлық табыс көлемі 200 мың теңгені құрайтын, 24-40 жас аралығындағы Қазақстан Республикасы азаматының аталған бағдарлама бойынша қарыз алуға мүмкіндігі бар. Берілетін баспананың орташа бағасы 14,6 млн теңгені құрайды.

«Бағдарламаға қатысқан көптеген азаматтардың өтініштері мақұлданғанын байқап отырмыз. Бұл «7-20-25» бағдарламасының әлеуметтік маңыздылығын әрі дер кезінде қолға алынғандығын айқындайды»,-дейді «Баспана» ипотекалық ұйымының Басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Осы күнге дейін келіп түскен 1323 өтініштің 843-і банктер тарапынан мақұлданды. Оның құны 9,7 млрд теңгені құрайды.

Қазақстандықтар ЦеснаБанк, АТФБанк, ЦентрКредит және Bank RBK банктері арқылы несие ала алады.