Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жасұлан Майлыбай: Поэзия – көңіл сөзі

Жасұлан Майлыбай: Поэзия – көңіл сөзі
Жас қаламгер Жасұлан Майлыбай көп ортаға өзін ақынмын деп таныстыра бермеді. Өйткені, шығармашылығына сын көзбен қарайды. 

Әр ақынның өз ерекшелігі болуы керек деп ойлайды. Өзгені қайталаудың қажеті жоқтығын да біледі. Сондықтан, қолына қаламды жиі ала бермейді. Көңілде сайрап тұрған жырдың өзін жазуды іштей жарамсыз деп есептейді. Себебі, аға буынның туындылары телегей теңіздей біліммен келгенін біледі. Мемлекеттік қызметтің қым-қуыт тірлігінен ажырай алмайтын  Жасұлан кейде ақындыққа қатысы барын да ұмытып кететінін жасырмайды. Дегенмен,  құпияға толы туындыларды жазу үшін ақыл мен көңіл сөзі қажет екенін ақын Қазақ радиосындағы «Қауырсын ғалам» бағдарламасында айтты. 

«Поэзия кейде маған көңіл сөзі сияқты болып көрінеді. Бірақ, поэзия тек көңілден тұрмай, ақыл мен көңілдің сөзінен құралуы керек. Поэзия құр эмоциядан құралмайды. Алайда, ақын болғаннан кейін эмоцияны ақылмен көрсетуің қажет. Ол барлық сырыңды жайып салатын шығарма болмауы керек. Ой салатын өлеңдер ұнайды. Поэзияның түрлі жанрлары бар. Дегенмен, туындыны оқығаннан кейін таңдайда тәтті дәм қалуы қажет»,- дейді жас ақын Жасұлан Майлыбай.  

Айта кетейік, жас ақын 1990 жылы Маңғыстау облысы Жетібай кентінде дүниеге келген. Қазіргі таңда ол Ішкі істер министрлігінде баспасөз қыметіне  қарасты бөлім басшысы қызметін атқарады.