Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қоғамдық лекция: көкейдегіні бүкпесіз айтатын алаң

Қоғамдық лекция:  көкейдегіні бүкпесіз айтатын алаң

Алматыда аға буын өкілдері мен жастар жиі бас қосады. Кейінгі толқынның рухани азық жинайтын алаңы – «Қоғамдық лекция» жобасы.

«Қоғамдық лекция» жобасы 2014 жылы құрылды. Идея авторы – белгілі тележүргізуші Руслан Желдібай. Төрт жыл ішінде алматылық жастар 60-тан астам қоғам белсендісімен кездесті. Аудиторияның сұранысына сәйкес студенттер Айдос Сарым, Саясат Әлібек, Марғұлан Сейсенбаев сынды белгілі тұлғалармен екі рет бас қосты.

Бұдан бөлек, Бекболат Тілеухан, Расул Жұмалы, Қанат Ислам, Мәмбет Қойгелді, Олжас Құдайбергенов, Сейдахмет Құттықадам, Зейнеп Ахметова, Ғани Нығметов сынды елімізде өзіндік орны қалыптасқан тұлғалар мен мемлекет қызметкерлері түрлі тақырыпты жастармен бірге талқылады.

Бұл туралы жоба жетекшілері Қазақ радиосындағы «Армандастар» бағдарламасында айтты.

«Жобаның форматы уақыт ерекшелігімен өзгешеленеді. Біздің шаралар лектордың айтатын ойына қарай созылады. Бір ғана спикердің айтатын ойы 20-30 минут емес,  2-3 сағатқа жетуі мүмкін. Бастапқыда аудитория жинау қиынға соғады.  Тіпті, спикерден жалығады деген ойлар  болды. Бірақ пікіріміз қате болып шықты. Бұл шынында жастарға керек жоба екенін байқадық. Біз жастарды күштеп жинамаймыз. Келетін қоғам белсендісін хабарласақ жеткілікті. Студенттер тарапынан қызығушылық пайда болса, кездесуге асығады»,-дейді «Қоғамдық лекция» жобасының жетекшісі Әділет Бағдат.