Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

«Нұр-Мүбарак» университетінің атауы өзгерді

«Нұр-Мүбарак» университетінің атауы өзгерді

«Нұр-Мүбарак» оқу орнының атауы Қазақстан-Мысыр ислам мәдениеті университеті болып өзгертілді. Мұндай шешім 2018 жылғы 8 қыркүйекте Каир қаласында өткен, «Нұр-Мүбарак» университеті Қамқоршылар Кеңесінің 7- отырысында қабылданды.  

ҚР Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев Мысыр Араб Республикасына жұмыс сапары барысында, «Нұр-Мүбарак» университеті Қамқоршылар кеңесінің отырысына қатысып, сондай-ақ, осы елдің мемлекеттік органдарының және дін көшбасшылары өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізді. 

Қазақстандық делегация құрамында - Бас мүфти, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз, дін мәселелері жөніндегі ғылыми-зерттеу және талдау орталығының директоры Айнұр Әбдірәсілқызы бар.  

Қамқоршылар кеңесінің отырысында сөз сөйлеген Дархан Кәлетаев «Нұр-Мүбарак» университетінің дін саласындағы кадрларды дайындауда маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Білім ордасын Орта Азияның діни білім беру мекемелері арасында жетекші орынға көтеру және болашақта Таяу Шығыстағы алдыңғы қатарлы және беделді діни университеттер деңгейіне дейін жеткізу жоспарланып отыр.   

Кеңес барысында Қамқоршылар кеңесінің шешімімен университеттің жаңа ректоры қызметіне доктор, профессор мысырлық Мұхаммед Шаххат Әл-Гинди тағайындалды. Университет проректоры ретінде Қазақстан тарапынан Қайрат Құрманбайдың кандидатурасы ұсынылып, қолдау тапты.

Келіссөздер аясында «Нұр-Мүбарак» университетінің оқу ғимаратын Қазақстанға беру мәселесі қаралды. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы мен Мысыр Араб Республикасының үкіметі арасында 2001 жылы жасалған «Нұр-Мүбарак» университеті туралы келісімнің ережелеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу жөнінде ұсыныс жасалды.   

Университеттің қазіргі атауын «Қазақстан-Мысыр» ислам мәдениетінің университетіне ауыстыру туралы келісімге қол жеткізілді. Университет ректорларын Қазақстан мен Мысырдың өкілдерінен кезекке сәйкес ауыстыру қарастырылған. Аталған өзгертулер мен толықтырулар Университет Жарғысына енгізілді. Тиісті хаттамаға Қазақстан Республикасының Қоғамдық даму министрі Дархан Кәлетаев пен Мысыр Араб Республикасының Вакуфтар министрі Мұхаммед Мұхтар Жұма қол қойды. 

«Нұр-Мүбарак» университетінің Қамқоршылар кеңесінің келесі отырысын 2020 жылдың тамызында Қазақстанда өткізу жоспарланып отыр.