Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға жаңа корпус салу мәселесі бақылауға алынды

ҰОС ардагерлеріне және оларға теңестірілген адамдарға жаңа корпус салу мәселесі бақылауға алынды

Бүгін Алматы қаласында «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК базасында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цойдың «Интернационалист жауынгерлер» үйлестіру кеңесінің қатысушыларымен кездесуі өтті.  

Кездесуге Семей ядролық сынақ полигоны кеңесі мен Чернобыль АЭС зардаптары кеңесінің және БАҚ өкілдері қатысты.  

Кездесу барысында Алматы қаласы, Ладушкина көшесі, 120а үй мекенжайы бойынша орналасқан, апаттық күйдегі госпитальдың жоғарғы корпусының құрылыс мәселесі талқыланды. 

Госпитальдың жаңа корпусын салу мәселесі бойынша Алматы әкімдігінің жанындағы «Интернационалист жауынгерлер» үйлестіру кеңесінің төрағасы Мұрат Әбдішүкіров сөз сөйледі, ол госпитальдың ескі корпусын бұзудың және жаңасын салудың маңыздылығы мен қажетілігін атап өтті. Сондай-ақ, осы мәселенің қаралу мерзімі туралы мәселе қозғалды.   

ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі өз сөзінде ҚР Денсаулық сақтау, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктерінің жобаны іске асыруға республикалық бюджеттен қаражат бөлу бойынша жұмыс жүргізіп жатқаны туралы хабарлады. 

Алексей Цойдың айтуынша, ағымдағы жылы жобалау-сметалық құжаттама әзірлеуге кірісу, атап айтқанда жылдың соңына дейін бастапқы жобалау материалдарын жинау, іріктеу және бағалау, сыртқы инженерлік желілер трассасын топографиялық суретке түсіру жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Жобалау бойынша жұмысты 2019 жылдың үшінші тоқсанына аяқтау және 2020 жылдан бастап объектіні салуға кірісу жоспарланды. Нормативтік мерзімдерін ескере отырып, жаңа корпустың құрылысын 2021 жылы аяқтау жоспарланып отыр. Жаңа корпус құрылысының бюджеттік нұсқасымен қатар, ҚР ДСМ жеке инвестицияларды тарта отырып, іске асыру мәселесін де пысықтауда. 

Бұдан басқа, вице-министр жаңа корпусты пайдалануға қосқанға дейін ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген адамдарға медициналық көмек көрсетудің Алматы қаласы, Каблуков көшесі (129 «А») мекенжайы бойынша орналасқан «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК бас корпусы мен «Қазақстан санаторийі» АҚ-да, сондай-ақ, Астана қаласындағы Отан соғысының мүгедектері мен ардагерлеріне арналған республикалық орталық госпитальда көрсетілетінін атап өтті. 

Сондай-ақ, пациенттердің болуына тиісті жағдайды қамтамасыз ету мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі «Отан соғысының мүгедектеріне арналған республикалық клиникалық госпиталь» ШЖҚ РМК бас корпусының ғимараттары мен құрылыстарына күрделі жөндеу жүргізді, осы мақсатқа 2015 жылы – 106,4 млн теңге, 2016 жылы – 212,9 млн теңге және 2017 жыл – 219,5 млн теңге бөлінді», – деп мәлімдеді. 

Сөз соңында, Алексей Цой ҰОС ардагерлерін оңалту үшін күндізгі стационарлар мен үйдегі стационарларда қажетті жағдайлардың барлығы жасалуда, жалғыз басты және өздігінен жүре алмайтын адамдарға үйлерінде медициналық көмек көрсетілуде. Көрсетілген контингент үшін республиканың барлық стационарларында қолайлылығы жоғары жеке палаталар көзделген. Амбулаториялық-емханалық көмек тіркелген жері бойынша аумақтық емханаларда көрсетілуде, онда жүйелі түрдегі медициналық қарап-тексеруді қоса алғанда, олардың денсаулық жағдайын есепке алу, динамикалық қадағалау жүзеге асырылуда» - деп атап өтті вице министр.