Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Астанадан Түркістанға бір пойызбен баруға болады

Астанадан Түркістанға бір пойызбен баруға болады

Алдағы уақытта Астанадан Түркістан облысының орталығына дейін пойыз ауыстырмай-ақ жетуге мүмкіндік туады, деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметі.  

«Жолаушылар тасымалы» АҚ Түркістан облысына көлік қатынасын дамыту және жолаушыларды Қазақстанның танымал туристік орындарының біріне тасымалдауды жеңілдету мақсатында №176/175 Астана-1-Шымкент пойызының бағытын облыстың әкімшілік орталығы – Түркістан қаласына дейін ұзартады.

Түркістан – Қожа Ахмет Яссауи, Арыстан баб мавзолейлері, Әзірет Сұлтан қорық-мұражайы және т.б тарихи орындарға бай, Қазақстанның ең ежелгі қалаларының бірі. Ол Шымкенттің солтүстік-батысында орналасқан.

Бұл бағыттағы алғашқы пойыз осы жылдың 2 қарашасында Астана-1 станциясынан жүріп, Түркістанға 3 қарашада жетеді деген жоспар бар. Ал, кері бағыттағы пойыз Түркістан станциясынан 4 қарашада жолға шығып, елордаға 5 қарашада келуі тиіс.

Астана-1-Шымкент бағытындағы пойыздың құрамында 10 вагон бар (5 – купе, 5 – плацкарт), жалпы орындар саны – 434 (174 купе, 260 плацкарт). Ол: Қарағанды, Ақадыр, Сарышаған, Шығанақ, Шу, Луговое, Тараз, Боранды, Түлкібас, Манкент, Шымкент, Арыс-2 станцияларына тоқтайды. Бағыттың қашықтығы – 1646 шақырым, жол жүру ұзақтығы 25 сағат 25 минутты құрайды.

Пойыз Астанадан жұп күндері 21:40-та жүріп, Түркістанға тақ күндері 22:45-те жетеді. Кері бағытта жұп күндері 11:30-да аттанып, елордаға тақ күндері 12:55-те келеді. Бұл кесте 2018 жылдың 9 желтоқсанына дейін жұмыс істейді. Кейін өзгеруі мүмкін.