Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Әли мен Мәдиге көмек сұраймыз!

Әли мен Мәдиге көмек сұраймыз!

Алматы облысы Жаркент қаласының тұрғыны Қаракөз Тілешова екі ұлы Әли мен Мәдиге көмек сұрайды. Дүние есігін ашқанда ұлдарының денсаулығы қалыпты болғанымен 5 айында сәбилердің көзі көрмей қалды. Егіздер ретинопатия диагнозына шалдыққан.

Үш баланың анасы бүгінде төртінші перзентіне жүкті. Балалары ауруға шалдыққаннан бері Алматыда пәтер жалдап тұруда. Қазақ радиосының «Мың алғыс» хабары арқылы ұлдарына көмек сұрап отыр.

Әлидің екі көзі де көрмейді. Санк-Петербургте бүгінге дейін үш рет операция жасалды. Қыркүйек айына жоспарланған төртінші операциясына барып-келу үшін қажетті 300 мың теңгені таба алмай отыр. Ал, Мәдиге бұған дейін бір операция жасалып, енді белгілі бір уақытын күтуде. Екі баланың көзіндегі тамырлары өлмеу үшін операциядан кейінгі арнайы ем-шарадан өтуі тиіс. Ем-шарасына 240 мыңнан, 480 мың теңге қажет.

Қымбатты оқырман, қолдау сұраймыз. Сәбилер ауырмасын, аналар жыламасын!

Әли мен Мәдидің әкесі Медет Болатаевтың атына ашылған есепшот:

Халық банк: 6762 0035 1553 2348

ЖСН: 8501 0130 1231