Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Жалға берілетін 3 мың пәтер салынбақшы

Жалға берілетін 3 мың пәтер салынбақшы

Баспана сатып алуға мүмкіндігі жоқтарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін 3 мың пәтер салынбақшы. 

Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек Орталық коммуникациялар қызметінде тұрғын үйге қатысты мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылуына арналған баспасөз конференциясында айтты.

«Бағдарламада 2 жыл ішінде барлығы 6182пәтерді (331,0 мың ш. м) пайдалануға беру жоспарланған. Биылғы жылдың 8 айындағы 922 пәтерді (49,6 мың. ш. м) қосқанда бүгінгі күні 3542 пәтер салынды (196,2 мың ш. м). Әлеуметтік тұрғын үйдің 1 шаршы метрін жалдау төлем ақысы шамамен 100 теңгені құрайды», - деп атап өтті министр.

Министрдің айтуынша, Әкімдікте кезекте 2 жылға жуық уақыт тұрған азаматтар (тұрақты табыстары бар мұғалімдер, дәрігерлер, мемлекеттік қызметкерлер) мен Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі салымшылары үшін биылғы 8 айда тапсырылған 1970 пәтерді қосқанда 18,5 мың несиелік пәтер пайдалануға берілді. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында биылдан бастап жыл сайын 40 мың учаскеге инфрақұрылым желілерін тартуды жоспарланып,14 облыс орталығында бір шаршы метрінің құны 120 мың теңгені құрайтын бірыңғай сәулеттік стильде пилоттық жобаларды іске асыру жалғасуда.

«Баспана» ипотекалық ұйымының дерегі бойынша, бағдарлама іске қосылғаннан бергі 2 айда халықтан қатысушы-банктерге ипотека алуға 2562 өтініш түскен. Бүгінгі таңда жалпы сомасы 20,0 млрд. теңгеге 1695 ипотекалық қарыз беру қолдау тапты. Қалған өтініштер екінші деңгейлі банктердің қарауында жатыр.