Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанға келген туристердің саны 22%-ға артқан

Қазақстанға келген туристердің саны 22%-ға артқан

Ішкі туризмді дамыту – мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарының бірі. Әлемдік тәжірибеде табыс көзі жағынан туризм – мұнай мен газдан кейінгі орында. Сондықтан, ішкі туризм туралы насихаттау қажет. Саяхат маусымы аяқталғанмен, туризмнің проблемалары азайды деуге келмес.  

Қазақ радиосындағы «Қазақ туризм» ұлттық компаниясымен бірлескен жоба – «СапарLike» хабарының кезекті саны Астана қаласында өтіп жатқан «Бірлікке барар жолда» атты Жібек жолына қатысушы елдердің форумына арналды.

Хабар қонағы – Ақмола облысы Туризм қауымдастығының басшысы Шынарбек Батырханов.

Хабардада Сitypass смарт-картасы тыңдармандар арасында ойнатылды. Жеңімпаз сitypass арқылы Астананың «ЭКСПО» орталығы, «Астана-Бәйтерек» монументі, ҚР Ұлттық музейі, «Мәңгілік Ел» аркасы, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Ailand» океанариумы, «Джунгли» аниматроникстер театры сынды нысандарын аралай алады. 

Толық ақпарат «СапарLike» хабарының мұрағатында. 

«СапарLike» бағдарламасы әр аптаның сәрсенбі күні 9:30-да Қазақ радиосының эфирінен беріледі.