Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Полиэтиленді дорбаларға тыйым салынады

Полиэтиленді дорбаларға тыйым салынады

Грузияда 2018 жылдың қазан айының 1-нен бастап қалыңдығы 15 мк-ден асатын полиэтиленді дорбаларды өндіруге, импорттауға, сатуға тыйым салынады. Бұл туралы мемлекет премьер министрі Мамуку Бахтадзе мырзаға сілтеме тастай отырып, «Новости-Грузия» баспасы жазды.

Пластикалық дорбаға тыйым салу Грузиядағы оның қолданысын едәуір төмендетеді. Оған қоса, 2019 жылдың 12 сәуірінен бастап мемлекет аумағында полиэтиленді дорбалардың кез келген түрін қолдануға тыйым салады. Жоспар бойынша, табиғи ыдырайтын дорбаларды қолдану көзделген. Дегенмен, Бахтадзе мырза бұл дорбаларды кімнің өндіретінін және нарыққа қалай әсер ететіні жайлы айтқан жоқ.

Қазіргі кезде полиэтиленді дорбаларды қолдану Гонконгта, Тайвань аралында, Аустралияда, Бельгияда, Үндістанның бірқатар штатында, Бангладеште және Гавай аралдарында тыйым салынған. ЕО-ның көптеген елдері полиэтиленді дорбаларды қолданумен күресуде. Кейбір елдерде оның қолданысы 95%-ға төмендеген.

Ақпарат Қазақ радиосының «Қай тех» хабарында айтылды.