Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

Ұшақ билеттері арзандауы мүмкін

Келер жылы Қазақстанда әуе билеттері арзандауы мүмкін. Бүгін Парламент Мәжілісіндегі Үкімет сағатында депутаттар әуе билеті бағасының жоғары болуы туризмді дамытуға кедергі келтіретінін атап өтті. Өз кезегінде ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев бұл бағытта министрлік тиісті жұмыстарды атқарып жатқанын айтты.  

«Бізде балаларға, зейнеткерлерге, мүмкіндігі шектеулі жандарға, жастарға арналған жеңілдіктер ескерілген жолаушыларды тасымалдау ережелері бекітілген. Дегенмен де, тасымалдау құнына қатысты мәселе әлі де бар. Бүгінде Энергетика министрлігімен бірлесе, біздің ұшақ паркі үшін өзіміздің авиакеросинмен қамтамасыз ету бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде. Алдағы жылы толықтай отандық авиакеросинмен қамту жоспарланып отыр. Менің ойымша, келесі жылы оңтайлы нәтиже байқалады»,-деді Т.Тоқтабаев.

Оның айтуынша, билет құны бірнеше индикаторлар есебінен қалыптасады. Соның ішінде авиаотын бағасы негізгі көрсеткіш болып отыр. Бұдан бұрын хабарланғандай, Парламент Мәжілісінде туристік саланы дамытуға арналған Үкімет сағатында Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы электрондық виза тетігі енгізілетінін айтты.