Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қызылшаның алдын қалай алуға болады?

Қызылшаның алдын қалай алуға болады?

Ауруды емдегеннен гөрі оның алдын алған абзал. Ал, жұқпалы қызылша ауруының алдын қалай алуға болады?

Қазақ радиосындағы «Бірінші байлық» хабарының қонағы – И.Жекенова атындағы алматы қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасы бас дәрігерінің емдеу ісі жөніндегі орынбасары Тамара Отағанова осы сұрақ төңірегінде әңгіме өрбітті.

«Қызылшаның қоздырғышы вирус болып табылады. Бұл тек адамнан адамға жұғады. Және ол жас талғамайды. Қызылшамен ауырған адаммен жанасқан адам міндетті түрде ауруға шалдығады. Оның қауіптілігі ауа тамшылары арқылы жұғатындықтан жедел дамиды. Сол себепті бұл ауруды жиі қадағалап отыру керек. Осыған байланысты балаларға 12-15 ай арасында екпе егіледі. Ал, бала екпе алмай, қызылшамен ауырса бірнеше сатыда дамиды. Бұл ауру инквацолог, катаралды, бөртпе шығу және жазылу кезеңдеріне бөлінеді. Инквацолог кезеңі 3-4 күнге созылуы мүмкін. Ең қауіптілігі осы кезеңмен бөртпе шығу кезеңіне дейін ауруқоздырғыштарының ортаға таралу мүмкіншілігі жоғары болады. Сондықтан екпе салдырту міндетті» - деді дәрігер маман.