Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

100% кепілдік беретін компания

100% кепілдік беретін компания

Бізден басқа Қазақстанда да, Ресейде де ешбір компания 100% кепілдік бермейді. Бізге келетін адамның негізгі себебі ақша табу. Егер, біз оған ақша табатындай жол көрсете алмасақ, қолдау бере алмасақ, біз оның ақшасын қалай аламыз. Сондықтан ақша таппаса, 100% ақшасын қайтарып береміз», - дейді «Тендер мектебі» компаниясының басшысы, жас кәсіпкер Әлішер Әзімханұлы Шалқар радиосының «Таңжарық» бағдарламасына берген сұхбатында.

«Басқа бақталастар оқытудан ақша тапқысы келеді. Бірақ, нәтижесіне көп көңіл бөле бермейді. Олар 200-300 адамдық топ жинайды. Негізгі мақсаты да сол. Ал, біз топқа 10 адамнан артық алмаймыз. Себебі бізге оқушы емес, серіктес керек. Біз Ресейден және Қырғызстаннан инвесторлар тартып жатырмыз. Яғни, барлығы Қазақстаннан ақша шығарып жатса, біз әкеліп жатырмыз. Мысалы, олар бізге 200 миллионнан жоғары қаржы берсе, біз ол ақшаны 1 айдың ішінде игеруіміз керек. Серіктес атанғандарға: Сенің жұмысың тендрді ұту ғана. Сенің бізге тек миың, уақытың керек. Бізде ақша, тәжірибе бар, бірақ, сенде бар ақыл бізде жоқ деп айтамыз», - дейді кәсіпкер.

Кәсіпкердің айтуынша келген адамды жұмыскер ретінде емес, бірден кәсіпкер ретінде қабылдау керек. Тауарды жеткізуді, заңнамалық, бухгартерлік сұрақтарды өздері шешіп, кәсіпкерден тек офиста отырып, жұмыс істеуін талап ететінін айтты.