Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанда толық мультипликациялық фильм шығарылды

Қазақстанда толық мультипликациялық фильм шығарылды

Отандық прокатқа 18 қазаннан бастап адам мен бүркіттің достығын баяндайтын толықметрлі анимациялық фильм шығады,- деп хабарлайды «Қазақфильм» киностудиясының баспасөз қызметі.

Жобаға Тұрдыбек Майдан және Тілек Төлеуғазы режиссерлік етті, сценарий авторы - Ербол Бораншы. Фильмге адам баласының бүркітті қолға үйретуі арқау болған. Оқиға желісі бойынша адам мен құс бір-біріне сенім білдіре отырып, бауыр басады. Сонымен қатар, фильмде қазақтың саятшылық дәстүрі де суреттеледі.

«Қазақтар бес жасар бүркітті Мұзбалақ деп атайды. Бұл фильммен авторлар бүркіттер және олармен аңға шығу салтын көрсетуді көздеген. Фильм қазақ тілінде жасалып, орыс тіліне дубляждалған. Кинотеатрларға фильм екі тілде шығатын болады», - деді «Қазақфильмнің» баспасөз қызметінің жетекшісі Айнұр Исаева.

 65 минутты құрайтын мультфильм екі жыл көлемінде жасалған. Бұл фильмде 40-қа жуық oтандық мамандар істеген. Мультфильм 2D және 3D форматында жасалған және әр секундында 24-25 кадр сурет салынған. Кейіпкерлерді дыбыстауға Ержан Жарылқасынұлы, Жанат Тыныбаев, Самат Қордабай, Төлебаев Ерғали Дүйсенұлы, Алма Әділқызы есімді театр және кино актерлері қатысқан.

Биыл қазақ мультипликациясының 50 жылдық мерейтойы аталып өтілмек. «Мұзбалақтың» премьерасы да осы атаулы датаға орайластырып отыр.