Астана - 106,8FM Алматы - 101,00 FM Шымкент - 106,40FM Талдықорған - 101,00FM Көкшетау - 101,00FM Ақтөбе - 102,20FM Атырау - 101,00FM Өскемен - 104,00FM Семей - 100,10FM Аягөз - 101,00FM Тараз - 100,80FM Орал - 101,20FM Қарағанды - 103,40FM Қызылорда - 102,00FM Ақтау - 100,5FM Павлодар - 101,00FM Петропавл - 106,80FM Түркістан - 101,00FM

Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірден өтті

Қазақстанның Халық жазушысы Шерхан Мұртаза өмірден өтті

Қазақ әдебиетінің қара нары, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Шерхан Мұртаза 86 жасында дүние салды.

Шерхан Мұртазаұлы Мұртаза 1932 жылы Жамбыл облысы Жуалы ауданы Талапты ауылында дүниеге келген. М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің түлегі. 1955-56 жылдары Қазақ мемлекеттік көркем әдебиет баспасында, 1956-60 жылдары «Лениншіл жас», 1960-63 жылдары «Социалистік Қазақстан» газеттерінде тілші, әдеби қызметкер, редактор болды. Одан кейін «Жалын» және «Жұлдыз» журналының бас редакторы қызметін атқарды.1989 жылы «Қазақстан» мемлекеттік телерадио компаниясының төрағасы болды. ҚазКСР Халық депутаты (1990-1993). ҚР Жоғарғы Кеңесінің (1994-1995), ҚР Парламенті Мәжілісінің 2-ші шақырылым депутаты (1999-2004).

«Құрмет белгісі», «Отан» ордендерімен марапатталған (1999). «Қара алқа» романы үшін ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының , «Тарлан» тәуелсіз сыйлықтарының лауреаты (2000). ҚазКСР мәдениетіне Еңбек сіңірген қызметкері. Қазақстанның Халық жазушысы, Қырғыз Республикасының Халық ақыны.

«Қазақ радиолары» ЖШС-ның ұжымы жазушының отбасы, жақындарына және барша қазақ халқына қайғыра отырып көңіл айтады.